"Мұқыр – Құлсары" автожолының құрылысы 2 жылдан бері басталмай тұр

1120

Сенатор Ғұмар Дүйсембаев Премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдап, Атырау облысы тұрғындарының "Мұқыр – Құлсары" автожолын жөндеу туралы талабын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мұқыр – Құлсары" автожолының құрылысы 2 жылдан бері басталмай тұр

Ол Мемлекет басшысының жолдауында 2025 жылға дейін "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық маңызы бар 24 мың шақырым жолды қайта жаңарту міндеті қойылғанын атап өтті. 

"Осы міндет аясында Атырау облысының аумағы арқылы өтетін "Атырау – Орал" және "Мұқыр – Құлсары" автожолдарын қайта жаңарту жоспарланған. "Мұқыр – Құлсары" автожолының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды. Техникалық-экономикалық негіздеме мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Үкіметтің 2019 жылғы 20 маусымдағы хатында көрсетілген ақпаратқа сәйкес, көрсетілген учаскені қайта жаңартуды Азия даму банкі қаржыландырады. Екі жыл өткеніне қарамастан, жол құрылысы  басталған жоқ. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін үкімет жоғарыда аталған жобаны қаржыландыру көзін айқындап, құрылысты келесі жылы бастауды қамтамасыз етуін сұраймын", – деді Ғұмар Дүйсембаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу