Мүлік салығын екінші рет төлеу қажет пе?

474

Тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында МКК "Апта сауалы" айдарын іске қосты. 

Мүлік салығын екінші рет төлеу қажет пе? Фото: inbusiness.kz

Өткен аптада ең көп қойылған сұрақ жеке тұлғаның мүлік салығын төлеуіне қатысты болды.

"Мен мүлік салығын төледім, бірақ маған коммуналдық төлем шоты (ЕРЦ) арқылы тағы да төлеу керектігім туралы ақпарат келіп тұр. Қайта төлеуім керек пе?", – деп сұрады азаматтар. 
 
"Егер 2022 жыл үшін мүлік салығын осы жылы төлеген болсаңыз, екінші рет  төлеудің қажеті жоқ. Себебі ол жылына бір-ақ рет, ағымдағы жылдың қазан айының 1-не дейін төленеді. Егер Сіздің бірнеше жылжымайтын мүлкіңіз болса, салықты әр мүлік бойынша төлеуіңіз керек", – деп хабарлады МКК.

 

Төлеген төлемнің түскендігін немесе төлеу керек салықтың сомасын әр адам өзі тексере алады:

  • Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсындағы "Электрондық қызметтер" бөлімінде, "Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер" қосымша бетінде;
  • "e-Salyg Azamat" қосымшасында (App Store немесе Google Play дүкенінен жүктеп алу) "Электрондық қызметтер" бөлімінде "ЖТ және ЖК бойынша алдағы төлемдер қызметі";
  • E-gov порталында немесе "eGov mobile" мобильді қосымшасында "Салық салу" бөлімінде "Жеке тұлғалар үшін алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу" бөлімінде;
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу