Мүлік салығын төлеу мерзімі 2 қазанда аяқталады

322

Салықты уақытында төлемеген жағдайда өсімпұл қосылады.

Мүлік салығын төлеу мерзімі 2 қазанда аяқталады Фото: inbusiness.kz

Мүлік салығын төлейтін уақыт 2 қазанда аяқталады. Бұл туралы Krisha.kz жазды. 

Қазақстан аумағында пәтер, үй, ғимарат, көлік қоятын орын, жер телімі және т.б. жылжымайтын мүлкі бар кез келген азамат ел қазынасына ақша құюға тиіс. Заң бойынша төлем жасау мерзімі 1 қазан күні аяқталады. Бірақ, ол демалыс күнге келетіндіктен, 2 қазанда есеп айырысуға болады.

Жер үй мен жер телімінің салығы бірге есептеледі.

Көп қабатты үйде тұратындар мүлік салығын ғана төлейді, билік оларды жер салығынан босатқан.

Жеке тұрғын үй саламын деп алғанмен, құрылыс жүрмеген жер үшін базалық, яғни мөлшері жоғары салық сұралады. Мұндай жағдайда салық сомасы жоғары болады.

Мүлік салығы туралы ақпаратты мыналар арқылы алуға мүмкіндік бар:

коммуналды қызмет түбіртегі;

eGov.kz порталындағы жеке кабинет;

e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы.

Сонымен қатар Kaspi Bank пен Халық банк қосымшасын орнатқандарға төлем туралы хабарлама жолданды. Салық сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы "Алдағы төлемдер" сервисінің көмегімен де білуге болады.

Бұл салық түрі жылына бір рет сұралады. Уақытылы төлемеген жағдайда, қарыз үстіне өсімпұл қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу