Мүлік салығынан кімдер босатылады?

1733

Орта бизнесті тексеру саны қысқарады. 

Мүлік салығынан кімдер босатылады?

Кепілдердің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін "Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында орта бизнеске берілетін несие көлемі 1 млрд теңгеге ұлғаяды. Ал шағын және орта бизнес 1 жыл мүлік салығынан босатылады. Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай деді. 

Оның сөзінше, кәсіпкерлерге 50% мөлшерінде кепілдендіру беріледі.

"Микро және шағын бизнес 85%-ға дейін кепілдендіріліп, оларға ұсынылатын қарыз көлемі 360 млн теңгеге дейін өседі. Шара шеңберінде кепілдік беру тетігі оңайлатылады", – деді министр.

Руслан Дәленовтің сөзінше, орта бизнесті тексеру саны қысқарады. 

"Бүгінгі таңда микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий жарияланған. Орта бизнесті тексеру шаралары да азаяды. Шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін салықтық ынталандыру көзделеді. Бұған ірі сауда объектілері, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, спорт нысандары жптпдв. Дәл осы санаттағы заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бір жыл  мүлік салығынан босатылады.  Бұған қоса бір тоқсанға өсімпұл есептеу тоқтатылады. Ал 3- тоқсан үшін салықтық есептілік мерзімін ауыстыру ұсынылады", – деді Руслан Дәленов. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу