Мүлікті ерікті сақтандыру жарналары елдегі сала кірісінің жартысын құрады

1545

Төлемдерінің көлемі бірден 74%-ға өсті. 

Мүлікті ерікті сақтандыру жарналары елдегі сала кірісінің жартысын құрады

Биылғы жылдың қаңтар айында мүлікті ерікті сақтандыру сегментінде жиналған сыйлықақы көлемі 43,9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 11,6%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Сақтандыру сыйлықақыларының барлық түсімдердің үлесі бір жылда 41,9%-дан 46,8%-ға дейін өсті.

Жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген шығын көлемі 100 млрд теңгеден асатын "қаңтар оқиғасы" аясында мүлікті ерікті сақтандыру өзекті бола түсті.

Жалпы сақтандырудың барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру компаниялары 2022 жылғы қаңтарда 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда сыйлықақыларды 0,1%-ға аз жинады.

2022 жылдың қаңтарында мүлікті ерікті сақтандыру бойынша жиналған сыйақылардың 71%-ы бір ғана сақтандыру компаниясына – "Еуразияға" тиесілі (31,1 млрд теңге).

Мүлікті ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемі бірден 74%-ға өсіп, 2022 жылдың қаңтарында шамамен 1 млрд теңгені құрады. Сектордың барлық сақтандыру төлемдеріндегі үлесі бір жылда 7,1%-дан 10,8%-ға дейін өсті.

Салыстырар болсақ жалпы сақтандырудың барлық түрлері бойынша төлемдер бір жылда 15,1%-ға ғана өсті.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу