Мүлікті сақтандыру 14 пайызға өсті

869

 Мүлікті сақтандыру 14 пайызға өсті

Биыл жыл басынан бері мүлікті сақтандыру 14 %-ға өскен. Энерджи пром агенттігінің мәліметінше, қаңтар-сәуір айларындағы сақтандыру сыйақысы 122 млрд теңгені құраған. Бұл былтырғы баламалы кезеңмен салыстырғанда 14 пайызға жоғары. Ал мүлікті сақтандырудан түскен табыс 34 пайызға дейін көтерілді. Сақтандыру төлемі болса 5,2 млрд теңгеге жеткен. Алайда, бұл өткен жылмен салыстырғанда бұл 32 пайызға төмен. Мамандардың пікірінше, банктер мәжбүрлемесе мүлікті сақтандыруға халық асықпайды.

Шыңғыс Әміржанов, "Сәлем" СК" АҚ атқарушы директоры:

-  Мүлік сақтандыруы несиелендіру бағдарламалар есебінен өсіп жатыр. Егер мүлік банкте кепілде тұрған болса, сәйкесінше оған сақтандыру полисі талап етіледі. Турасын айтқанда міндеттеледі. Сол себепті ерікті сақтандырудан гөрі кепілде тұрған үйлерді сақтандыратын жағдайлар жиі кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу