Мүлікті талан-таражға салғандардың жазасын өтеу мерзімі қысқарады

666

  Мүлікті талан-таражға салғандардың жазасын өтеу мерзімі қысқарады

31 шілдеде қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы ізгілендіруге бағытталған заң күшіне енеді. Ізгілендіру 5 мыңға тарта адамдарға ықпал етеді деп болжануда. Дегенмен бұның кісі өлтіру, зорлау, азаптау, экстремизм мен терроризм және қылмыстың ұйымдастырылған түрлерін жасағандарға қатысы жоқ екен. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

Жалпы түзетулер Қылмыстық кодекстің 262 бабына, Қылмыстық-процестік кодекстің 45 және Қылмыстық-атқару кодексінің 9 бабына енгізілді.

Сонымен қатар ауырлығы орташа және онша ауыр емес, кісі өліміне соқтырмаған 247 қылмыс бойынша баламалы жаза түрінде қоғамдық жұмыс алғаш рет енгізілуде. Айыппұлдың ең төменгі көлемі 500-ден 200 АЕК (1,2 млн теңгеден 481 мыңға дейін) және оны төлеудің минималды мерзімі 6 айдан 3 жылға дейін ұлғаюда. Бұл мыңдаған азаматтарға айыппұл көлемін және өтеу мерзімін ұзарту бойынша сотқа жүгінуге құқық береді. Меншікке қарсы, экономикалық және кейбір қылмыстар бойынша айтарлықтай, ірі және аса ірі залал мөлшері 2 есеге дейін жоғарылатылды.

Аталған түзетулерге сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу мен алаяқтық үшін бас бостандығынан айырылған жалпы 2,5 мың тұлға енгізіледі. Олардың жазаны өтеу мерзімін қысқартады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу