Мүлікті жалға беруден түскен кірістерге салық салынады

440

Жеке тұлға мүлікті жалға беруден кіріс алатын бірнеше нұсқа бар. 

Мүлікті жалға беруден түскен кірістерге салық салынады Фото: freepik

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департамент імүлікті жалға беруден түскен табыстарға салық салу туралы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жеке тұлға мүлікті жалға беруден кіріс алатын нұсқалар.

1 нұсқа - тұрғын үй иесі жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып, арнаулы салық режимін қолдана алады. Бұл ретте салық есептілігі табыс етілмейді және табыстың 1% мөлшерінде ЖТС төлейді.

Бір жылдағы табыс 13,0 млн. теңгеден (3 528 АЕК) аспауға тиіс.

2 нұсқа - тұрғын үй иесі – дара кәсіпкер емес, оның ішінде мемлекеттік қызметші, әскери адам болса. Онда жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша декларациясын (240.00 нысанын) немесе Кірістер мен мүлік туралы декларациясын (270.00 нысаны) жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кіруіне байланысты ұсынады.

ЖТС-н  10% мөлшерлемесі бойынша төлейді.

3 нұсқа - тұрғын үй иесі салық агентіне (дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын тұлға, заңды тұлға) жалға береді.

ЖТС есептеуді, ұстап қалуды және бюджетке төлеуді салық агенті жалгерлік кірістен 10% ставка бойынша ЖТС ұстап қалу жолымен жүзеге асырады.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген (активтер мен міндеттемелер туралы "кіру" декларациясын ұсынған) жеке тұлғалар Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ұсынады.

Жеке табыс салығы есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қыркүйегіне дейінгі мерзімде табыстың 10% мөлшерлемесі бойынша төленеді.

Жалпыға бірдей декларациялау  жүйесіне кірмеген жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде ұсынады.

Есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейінгі мерзімде табыстың 10% мөлшерлемесі бойынша ЖТС төлейді.

Декларацияны тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті", "Электрондық үкімет" вэб-порталдары, "e-Salyq Аzamat", Halyk, Банк Центркредит мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.

Сондай-ақ азаматтар декларацияны пошта арқылы не келу тәртібімен қағаз жеткізгіште  ұсынуға құқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу