Мультимедиялық контентке субсидия төленеді

854

Елімізде интернет телевидениені реттеу нормалары дайындалып жатыр.

Мультимедиялық контентке субсидия төленеді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев саладағы мемлекеттік тапсырыс саясаты қалай өзгеретінін айтты.

"Президент алдымызға қойған стратегиялық міндеттің бірі – ақпарат саласын дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған ұлттық жоспарын қабылдау. Құжат қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған...Біріншіден, біз мемлекеттік ақпарат саясатын жетілдіреміз. Ол үшін мемлекеттік ақпараттық тапсырыс тетіктері қайта қаралады. Біз нарықтық тарифтер енгізу арқылы санға емес, сапаға ұмтыламыз", – деген министр бұдан былай саладағы субсидиялау тетіктері өзгеретінін ескертті.

"Мемлекет жарияланған мәтіндер санын емес, халықтың шынайы сұранысына ие мультимедиялық контентті, оны интернет арқылы ілгерілету шараларын субсидиялайды. Екіншіден, біз коммерциялық телеарналар мен радиостансалардың цифрлық эфир тарату алаңында өз орнын алуына қолдау көрсетеміз. Үшіншіден, телеарналар мен радиоарналардың, интернет-ресурстардың аудиториясын өлшеуге арналған өз жүйемізді дайындаймыз. Бұл жүйе БАҚ-тың 2021 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындаудағы тиімділігін анықтау үшін қажет. Төртіншіден, интернет телевидениені реттеу нормаларын дайындау басталады", – деді ведомство басшысы.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу