"Мүмкін емес, балам ондайға бармайды": Атыраудағы қылмысқа күдіктінің анасы

Атырау облысындағы бүтін бір отбасының жоғалуы, одан соң ерлі-зайыптылардың өлі табылуы қоғамда резонанс тудырып, көп талқыланып жатыр.

"Мүмкін емес, балам ондайға бармайды": Атыраудағы қылмысқа күдіктінің анасы Фото: коллаж inbusiness.kz

Журналист Жанат Молдашева күдіктінің анасын әңгімеге тартып, бірқатар сұрақ қойып көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Күдіктінің 5 баласын әжесі бұрыннан да өзі қарап отырғанын айтқан. Өйткені, келіні – жүйке ауруына шалдыққан, 1 топ мүгедегі. "Құда-құдағайларым қызының жағдайын сұрап бір келмеді" деп ашынады ол. 

Ана жүрегі баласының бұлай жасағанына еш сенбейді. 

– Менің балам тәртіпті. Мүмкін емес, балам олай жасады дегенге сенбеймін. Әкесі қатты, одан қорқады. Баламды жамандыққа қимаймын. Осы жайтты естіген соң балама "Балам, дұрыс жүр! Ешкімнің ала жібін аттама! Мені полицейлер мазалап жатыр" деп аудиохабарлама жазып жібердім. Бірақ, оны балам оқымапты, – деді ол. 

5 баланы бағып-қағу оңай емес. Десе де, туған немерелері болғандықтан, қиындық тудырмайтынын айтқан. 

– Менің бір қателігім – сенімхат алмағаным. Соған өкінемін. 5 баланы қарау қиын емес, олар менің немерелерім ғой. 

Өзім 4 бала тәрбиеледім, 2 ұл, 2 қыз. Сұлтан – үйдің кенжесі. 30 жасқа толады. Бұрын-соңды бұзықтығын байқамадым. Ол – жуас бала. Қарауыл, жүк тасушы болып жұмыс істеді, – деді күдіктінің анасы. 

Бұған дейін Атыраудағы қылмысқа күдіктінің анасы "Мүмкін емес, балам ондайға бармайды" деп мәлімдеген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу