Мүмкіндігі шектеулі азаматтар депутат бола алады

1198

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасын қарады. Заңға енгізілген түзетулерге сүйенсек, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жергілікті және орталық билік органдарына сайлануға мүмкіндік беретін нормалар енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар депутат бола алады

"Заң жобасының басты мақсаты – биліктің өкілді тармағына әйелдер мен жастармен қатар ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың пікірлерін есепке алу және белсенді жұмысқа, мемлекеттің тыныс-тіршілігіне тарту. Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын", - деді мәжілісмен Арман Қожахметов.

Айта кетейік, қазір әйелдер мен жастарға (29 жасқа дейін) арналған 30% квота бар. 25 жасқа толған, республика аумағында соңғы он жыл тұрақты тұрып жатқан Қазақстан азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. 30 жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар адам Сенат депутаты бола алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу