Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мамандық алды

1330

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мамандық алды

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы серификаттар табысталды. Осылайша зағип жандарға арналған 15 күндік массаж курсы аяқталып отыр. Оқыту курсы тегін жүргізіліп, "Мүгедек жастар қоғамынан" келген мамандар екі апта ішінде мүгедектермен жеке-жеке жұмыс істеді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бүгін "Мүгедек жастар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің бастамасымен қолға алынған екі апталық массаж курсы өз мәресіне жетті. Зағип жандарға және көзі нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапханада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға массаж жасаушы мамандығы бойынша сертификат табысталды. Массаж курсын өтуге 50 шақты адам ниет білдірген. Оқу екі ауысымда жүргізіліп, мамандар массаждың бірнеше түрін үйретті.

"Нүкте арқылы ауруларды, яғни гипертония, қан қысымын емдеуді үйрендік. Балалар массажы үйретілді. Өте жақсы үйретті. Содан нәтижесін көреміз, Алла бұйыртса", - деді Үйсенбаева Перизат.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқыту курсы ойдағыдай өтті. Мамандар тек массажды үйретіп қана қоймай, буын ауруларын уқалау арқылы емдеудің түрлі жолдарымен де бөліскендерін айтады.

Жандар Жанаев, "Қазақ зағиптар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ОҚОФ төрағасы: "Алдағы жоспарда осы маманмен бір деңгейде қалып кетпеу үшін өзіміздің Шымкенттегі медколледжтерден 15-20 зағип мүгедектерге массаж курстарын ашсақ деген ойымыз бар", - деді.

Алдағы уақытта "Қазақ зағиптар қоғамы" және "Мүгедек жастар қоғамы" қоғамдық бірлестіктері тығыз байланыста болатындарын айтуда. Осылайша тек массажбен ғана шектелмей, зағип жандарға ағылшын, қытай тілдерін оқыту ойда бар дейді ұйымдастырушылар. Себебі, облыс бойынша 120 мың мүгедек болса, олардың 50 пайызы жұмысқа икемді. Осынау мүмкіндігі шектеулі жандардың алға қойған мақсаттары да айқын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу