Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау шаралары оңтайландырылады

2518

Бүгінгі күні елімізде 690 мың мүгедек жан бар, бұл елдегі  халық санының 4%-ы.    

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау шаралары оңтайландырылады

Түркістан облысында 93 мың мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұр, бұл облыс халқының 4,7 %-ы, республика бойынша 13,4 %-ы.

2020 жылдан бастап мүгедектігі бар азаматтарды қолдау шаралары әлеуметтік қызметтер Порталын енгізу арқылы жүргізілетін болады. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаевы мәлімдеді.
"Біздің негізгі мақсатымыз – оларды белсенді қоғам өміріне тарту. Осы мақсатта мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қорғаудың және қолдаудың кешенді шаралары қарастырылып отыр. Оның ішінде жәрдемақылардың 4 түрі (жалпы және кәсіби аурулар, еңбекте мертігу, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бала кезінен бері мүгедек жандар), қызметтер мен оңалту құралдарын, санаторий-курорттық емдеуді, жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну", - деді Әсия Құралқызы.

Басқарма басшысының айтуынша, аталған мәселелер алдағы уақытта әлеуметтік қызметтер Порталын енгізу арқылы шешілетін болады. Портал оңалту құралдары мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу мерзімдерін қысқартуға және олардың сапасын арттыруға бағытталған. Порталды енгізу нәтижесінде тауарларға үлкен таңдау, оңалту құралдары мен қызметтер нарығына теңдей қолжетімдік қамтамасыз етілмек. Мемлекеттік қызметтердің сапасы өседі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырмайды.

"2020 жылдан бастап 5 бизнес-процесстің 2 түрін порталға ауыстыру жоспарланып отыр. Олар: арнаулы әлеуметтік қызметтер және 55 техникалық оңалту құралдарының ішінен 24 түрімен қамтамасыз ету. 2020 жылдың көктемінен бастап қызметтердің қалған 3 бизнес-процессін Портал арқылы алу мүмкіндіктері қарастырылуда (санаторлық-курорттық, жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметтері)", - деді Әсия Темірбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу