Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бір реттік төлем төленеді

1731

Қазанның екінші жексенбісі – мүмкіндігі шектеулі азаматтар күні.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бір реттік төлем төленеді

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар күніне орай оларға бір реттік төлем беріледі.

"Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы елордада тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және ерекше қажеттілігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға 2,5 АЕК немесе 6313 теңге аударады",– делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.

Бір реттік төлем алушы тұлғалардың Халық Банк, Жусан банк, Қазпошта, Сбербанк, АТФ Банк, Альфа Банк, Форте банктерінде шоттары болмаса, 20 сандық шот ашу үшін банкке барып, оны жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына әкелуге тиіс екен. Себебі басқарма аталған банктерімен қызмет көрсету туралы келісім жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу