Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүмкіндік жасалмай отыр

1023

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мүмкіндік жасалмай отыр

Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына 100 пайыз бейімделген бір де бір нысан жоқ, деп хабарлайды abctv.kz.

Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына, кіріп-шығуына ыңғайластырылып, бейімделуі тиіс 939 әлеуметтік нысан бар. Тиісті мекеменің мәліметінше, 2013 жылдан бастап өткен жылға дейін сол нысанның 704-інде бейімдеу жұмыстары жүргізілсе, 464-і толыққанды талапқа сай екен. Алайда, арнайы құрылған жұмыс тобы өңірде толыққанды талапқа сай бір де бір нысан жоқ екенін анықтаған. Олардың бірінде тактильді жолдар орнатылмаған, енді бірінде арнайы белгілері мен көрсеткіштері жоқ болса, келесісінде пандустың ұстағыштары талапқа сай болмай шыққан. 
Ал биыл облыс бойынша бейімдеу жұмыстары жүргізілуі тиіс деп табылған 115 нысанның 76-сына 41,8 миллион теңге қаржы бөлінген. Алайда, бұл қажетті қаржыны бөлу мен игеруде де салғырттық байқалады. Оны толық бөлуге тек Тараз қаласы мен Т.Рысқұлов ауданы ғана ықылас танытқан. Ал Жуалы, Мойынқұм сынды аудандарда бұл мәселеге мүлде мән берілмей қалған. Сондай-ақ, инватакси қызметінен де мақұрым отырған аудандар бар. Олардың қатарында Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Сарысу аудандары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу