Серік Шәпкеновтің сөзінше, мақсатқа жету үшін заңға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігі арттыруға бағытталған қосымша норма енгізілді.
"Заң жобасы аясында мүгедектігі бар балаға күтім жасау мерзімін 18 жасқа дейін ұзарту көзделіп отыр. Бұл жасына байланысты зейнетақы төлемі мен базалық зейнетақы тағайындауға оң әсерін тигізеді", – деді министр.
Айта кетейік, қазір мүмкіндігі шектеулі балаға күтім жасау мерзімі 16 жасқа дейін ғана.
"Құжатта табысы аз отбасылардың балаларын кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету қарастырылған. Бұған қоса арнаулы әлеуметтік қызметтің тиімділігі және атаулылығын арттыратын өзге де қосымша нормалар көзделген", – деді Серік Шәпкенов.
Қанат Махамбет