Мүмкіндігі шектеулі балалар тегін дәріні айлап күтуге мәжбүр

140

Науқас бүлдіршіндер жүйке жүйесі және ми қызметін жақсартуға арналған дәрі-дәрмектерді үзбей ішулері тиіс.  

Мүмкіндігі шектеулі балалар тегін дәріні айлап күтуге мәжбүр Фото: canva.com

Қостанай облысында мүмкіндігі шектеулі балалар тегін дәріні айлап күтуге мәжбүр. Ал жауаптылардан қайыр болмаған соң шырылдаған ата-аналар өз ақшаларына өзге өңір, кейде тіпті шетелден дәрі алдыртып әлекке түседі, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы балдырғандар мәселесіне келгенде асығыстық танытпайтыны әдетке айналған сыңайлы. Өйткені, 5 жыл бұрын басталған балалар ауруханасының жөндеуі де сиыр құйымшақтанып кеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу