Мүмкіндігі шектеулі қызды зорлады деген интернатқа тексеріс жүргізілді

1008

Мекемеде тазалық талаптары сақталмаған,тәрбиеленушілерге киім жетіспейді.  

Мүмкіндігі шектеулі қызды зорлады деген интернатқа тексеріс жүргізілді

Шымкенттегі қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі қызды зорлады деп айыпталған аты шулы №2 арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында тексеріс жүргізілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көптеген олқылықтардың бетін ашты, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

"Тексеріс барысында тәрбиеленушілердің құқығы бұзылғаны анықталған. Мәселен, бөлмелерде әр адамға 5 шаршы метрден емес, 3-4,5 шаршы метрден келеді. Сонымен қатар  олардың  жеке жоспарында мүмкіндігі шектеулі жанның жеке оңалту тәртібі ескерілмеген. Бұған қоса тәрбиеленушілер жеткілікті мөлшерде киіммен қамтылмаған. Жалпыға ортақ бөлмелерде тазалық талаптары сақталмағандықтан, індет жұқтыру қаупі жоғары", – деп жазылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан хабарламада. 

Мониторингтік топ интернат министрліктің 2020 жылы жасаған ескертпелерін назарға алмағанын атап өтті. 

"Тексеріс нәтижесі бойынша министрлік Шымкент әкімдігіне орталық директоры Мырзахан Жолтаевты қызметінен босатып, белсенді қоғам өкілдерінің арасынан жаңа жетекші тағайындау туралы ұсыныс айтты", – деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Мамутова қалалық интернатта мүгедек қызына жылдар бойы зорлық көрсетілгенін біліп, желіде үндеу жариялаған.

Соған сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы мониторингтік топ құрылған болатын. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу