"Тыныс" АҚ мүмкіндігі шектеулі жандарға (ересектер мен балалар) арналған электр кресло-арба өндірісін жолға қойды. 2020 жылға арналған мемлекеттік тапсырмаға сәйкес, зауыт осындай 1 381 арба шығарады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Үлкендерге арналған 1 322 және балаларға арналған 59 электроарба Қазақстанның барлық өңіріне, сондай-ақ елорда мен Алматы қалаларына жеткізіледі.
Биылғы жылдың 12 қазанындағы жағдай бойынша компания тапсырыс берушілерге еліміздің 8 облысына 437 арба жіберді. Жыл соңына дейін электр жетегі бар тағы 944 кресло-арбаны жеткізу жоспарланып отыр.
Тауар өндіруде отандық қамту үлесі 75%-ды құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу