Мүмкіндігі шектеулі жандардың туыстарына әлеуметтік қызметкер ретінде еңбекақы төленеді

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

Мүмкіндігі шектеулі жандардың туыстарына әлеуметтік қызметкер ретінде еңбекақы төленеді Фото: primeminister.kz

"Тағы бір өзгеріс - мүгедектерге қызмет көрсетуге отбасы мүшелерін тарту. Мүгедектердің туыстары жеке көмекшілер немесе тиісті еңбекақысы және әлеуметтік аударымдары бар әлеуметтік қызметкер ретінде есепке алынады. Әлеуметтік саланы дамыту аясында әлеуметтік қызметкерлер институтын күшейту жоспарлануда. Тәуелсіз біліктілік аттестациясынан өткен сертификатталған мамандар ғана жұмысқа жіберіледі", – деді ведомство басшысы.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 705 мыңнан астам ерекше күтімді қажет ететін адам тұрады. 

Ал еңбекке жарамды жастағы мүгедектігі бар жандардың жалпы саны – 421,5 мың (59,8%), зейнет жасындағылар – 181,9 мың (25,8%) және 18 жасқа дейінгі балалар – 101,6 мың (14,4%) адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу