Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған электр арбалары шығарыла бастайды

1314

Жобаны іске асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен тиісті меморандумға қол қойылды. 

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған электр арбалары шығарыла бастайды

"Қазақстан инжиниринг" ҰК-ның еншілес кәсіпорны "Тыныс" зауыты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған электр арбаларын шығара бастайды, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Жобаны іске асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен тиісті меморандумға қол қойылды. Осы ведомствоның тапсырысы бойынша келесі жылы мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектер үшін 1374 дана арбаларды өндіру жоспарланып отыр.

"Арбаның жалпы салмағы 70 кг жетпейді, жүру қашықтығы – 15 шақырым және 140 кг салмақты көтере алады. Бұл "Тыныс" зауыты конструкторларының жеке туындысы. Қазіргі уақытта өнімнің алғашқы партиясы партиясы сынақтан өтіп, оған қолданушылар тарапынан оң пікірлер айтылды",– делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, зауыт жылына 2700 дана арба шығара алады, инвестиция көлемі 173,3 млн теңгені құрайды.

"Қазақстанда өндіруші жоқ болғасын мұндай арбалар бұрын Ресейден, Қытайдан және Еуропа елдерінен әкелінетін. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі адамдардың арнайы қозғалыс құралдарына деген сұраныстарын қанағаттандырудың тиімділігін арттыруға бағытталған",– делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл шығарылатын өнім аясын кеңейтуге және әскери-өнеркәсіптік кешен көлемі бойынша азаматтық өндірістің үлесін көбейтуге септігін тигізетін болады.

Айта кетсек, "Тыныс" зауыты негізінен авиациялық техникаларға арналған қосалқы бөлшектер мен күштік құрылымдар үшін жеке қорғаныс құралдарын өндіреді. Сондай-ақ мұнда мұнай-газ және темір жол саласына арналған азматтық өнімдер де шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу