Мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін пәтерлердің сапасы сын көтермейді

1410

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға берілетін баспананың сапасын арттыру қажет. 

Мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін пәтерлердің сапасы сын көтермейді

 Бұл туралы сенатор Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Мүмкіндігі шектеулі адамдар ұзақ жылдар бойы тұрғын үй кезегі арқылы баспананы кезекпен алуға болатынынан күдер үзетін жағдайға жетті", – деді депутат.

Нариман Төреғалиевтің айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін пәтерлердің сапасы сын көтермейді. 

"Пайдалануға берілген тұрғын үйлердегі пәтерлердің іші уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттігінен туындайтын санитарлық талапқа сай жобаланып берілуге тиіс. Алайда бұл талап орындалмай жатыр", – деді депутат. 

Сенатордың сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленіп жатқан "Әлеуметтік кодекс" аясында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта туралы заң нормаларын әзірлеп, осы кодекске арнайы бөліммен енгізу қажет.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу