Мүмкіндігі шектеулі жандарға толық жағдай жасалмаған

650

37 ұйғарым бойынша жалпы сомасы 9,1 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға толық жағдай жасалмаған

2020 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша ҚР Еңбек министрлігі  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттері жүргізген тексерулер барысында мүмкіндігі шектеулі  жандарға 472 объектіде жағдай жасалмағанын анықтады. Олардың ішінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кіріп-шығуды қамтамасыз ететін жолдар бар. 

Жоғарыда аталған кезеңде мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және көліктік қызмет көрсету салаларындағы объектілерде  барлығы 658 бақылау іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде 624 объектіде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету тұрғысынан тексеру жүргізілді. Бұл ретте профилактикалық бақылау шеңберінде 459 тексеру жүргізілсе, азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс 199 рет тексеріс ұйымдастырылды.

Нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі  адамдарды әлеуметтік қорғау және оларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша 472 ұйғарым беріліп, олардың 37-сі бойынша жалпы сомасы 9,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

"Қазақстанда барлығы 34 883 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі бар, оның ішінде 34 509 объектіде жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны ұйымдастыру тұрғысынан паспорттау жүргізуді жоспарлап отыр. 2020 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша мұндай шаралар 34 279 объектіде жүргізілді. Айта кету керек, 25 648 (75%) паспортталған объект қосымша түзету жұмыстарын ұйымдастыруы тиіс. Биылғы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша олардың 24 939-ы түзетулер жүргізіп, ерекше жандарға жағдай жасады", - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу