Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орнын ашқандарға субсидия беріледі

1253

Бұл қаржыға тірек-қимыл аппараты зақымданған, оның ішінде кресло-арбамен қозғалатын мүгедектерге ыңғайластырылған заттар алынуы керек. 

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орнын ашқандарға субсидия беріледі

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мақсатында, олар үшін арнайы жұмыс орнын ашқан кәсіпкерлерге субсидия берілетін болды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Елімізде мүгедектерді  әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және  "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-1-бабына сәйкес, аталмыш шара қолға алынып отыр. Аталған ақпарат күшіне еніп, мүгедектерге жаңа жұмыс орнын ашқан кәсіпкерге  280 000 теңге  субсидия беріледі. 

Бұл қаржыға тірек-қимыл аппараты зақымданған, оның ішінде кресло-арбамен қозғалатын мүгедектерге ыңғайластырылған заттар алынуы керек. Мысалы: биіктікті өзгерту мүмкіндігі және жұмысқа бейімді беті бар үстел, орындық, компьютер, қосымша аяқ салғыш, қосымша шынтақ сүйеніші, т.б.

Заңды тұлға enbek.kz сайтына тіркеліп, электронды түрде өтінім береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу