Мұнай 2,7%-ға арзандады

1426

Қытайда індет өршіп кеткендіктен, мұнай 2,7 пайызға арзандады. 25 млн халқы бар Шанхай әкімшілігі бүгіннен бастап 4 күнге қаланың жартысын жауып тастау туралы шешім қабылдады.

Мұнай 2,7%-ға арзандады

Азияда сауда алаңы ашылысымен, америкалық шикізаттың мамыр айындағы фьючерсінің 110 доллар 85 центке дейін құлдырағанын көріп отырмыз. 20 күн бұрын 139-ға дейін көтерілген Брент маркалы өнім 117 доллар 25 центке саудаланып жатыр.

Бағаның көтерілуіне Украинадағы соғыстың үдеуі әсер еткен еді. Енді ең ірі тұтынушының шектеуді күшейтуі шикізаттың арзандауына алып келді.

Естеріңізге салайын, жұмадан сенбіге ауған күні Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының Джиддадағы мұнай қоймасына шабуыл жасаған еді. Сол кезде баға шарықтап кеткен. Кейін олар үш күн тыныштық сақтайтындарын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу