Мұнайдың арзандауы Tesla акцияларының құлдырауына әкеліп соқты

512

Қазір компания Қытай және басқа елдердегі коронавирус эпидемиясының салдарымен күресіп жатыр. 

Мұнайдың арзандауы Tesla акцияларының құлдырауына әкеліп соқты

АҚШ-тың Tesla корпорациясының акциялары 13,6%-ға арзандап, 608 долларға дейін түсіп кетті. Бұған түрткі болып отырған - "қара алтын" құнының төмендеуі мен коронавирус эпидемиясы.

Осылайша Сауд Арабиясы мен Ресейдің мұнай құнына байланысты ортақ мәмілеге келе алмауы электромобиль мен күн батареяларының сатылымына кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Өйткені газ мен мұнай бағасы түскен кезде, электр қуатымен жүретін көліктердің саудасы іркіліп қалатыны заңдылық. 

Қазір Tesla Қытай және басқа да елдердегі коронавирус эпидемиясының салдарымен күресіп жатыр. Қаңтар айында жұмысы басталып, аяқ жағында тоқтап қалған Қытайдың Gigafactory кәсіпорны 10 ақпанда қайта іске қосылған еді. Компания өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта көліктердің сатып алушыларға жеткізілуі бір-екі аптаға кешігуі ықтимал. 

Өткен аптада Tesla-ның басы дауға қалған болатын. Сатып алушылар көлік чиптерінің ескілігіне шағымданған. Яғни олар Model 3деп аталатын электромобильдің автокөлік өндіруші уәде еткендей мықты болмай шыққанына қапаланып, наразылықтарын білдірген. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу