Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың мамырындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:04-тегі бағасы 0,38 долларға (0,57%) төмендеп, барреліне $65,83 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,35 долларға (0,56%) арзандап, барреліне $61,99 құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу