Мұнай бағасы көтеріліп келеді

770

Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 2,8 пайызға көтеріліп, баррелі 57,81 доллар болды. 

Мұнай бағасы көтеріліп келеді

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, бұған Сауд Аравиясының басқа өндірушілермен Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысы кесірінен әлсіреген мұнай нарығын талқылау үшін алдағы уақытта кездесу өткізуі түрткі болды. Сондай-ақ бұған АҚШ мұнай қорының кенеттен көбеюі әсер етіп отыр. Айта кетейік, бас қосу қыркүйек айының басында өтуге тиіс.

Соңғы дерек бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 2,8 пайызға көтеріліп, баррелі 57,81 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қыркүйектегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 3,2 пайызға қымбаттап, барреліне 52,72 долларды құрады.

Қос экономикалық алпауыттың текетіресі осы айда мұнай бағасының шамамен 10 пайызға құлдырауына әкеліп соқты. Қара алтын саудасымен айналысатын Vitol Group компаниясының дерегі бойынша, мұнайға деген әлемдік сұраныс төмендеп барады, шикізатты өндіру 2019 жылы күніне 650 000 баррельден аспайтын болады. 

HI Investment & Futures Corp. шикізат тауарлары бойынша сарапшысы Сунгчил Уилл Юнның айтуынша, АҚШ пен Қытай бір мәмілеге келмейінше, мұнай бағасы арзан болып қала бермек. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу