Биыл мұнай бағасы 1 барреліне 100 доллардан асуы мүмкін. Мұндай болжамды француздық Total компаниясының бас директоры Патрик Пуянне АҚШ-тың стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында айтты, деп хабарлайды 24.kz.
Кеше әлемдегі қара алтынның бағасы 2014 жылдан бері алғаш рет 80 доллардан асты. Бүгінгі әлемдік қор биржаларындағы таңғы саудада оның құны 79 доллар 50 центті құрап отыр.
Сарапшылардың айтуынша, соңғы бірнеше аптада мұнай бағасының көтерілуіне АҚШ-тың Иранмен ядролық келісімнен шығатыны туралы мәлімдемесі әсер еткен. Fitch рейтингтік агенттігінің пайымдауынша, бұл нарықтағы дефицитті сақтамақ.
Еске сала кетейік, 2015 жылы қаңтар айында қара алтын бағасы 1 барреліне 50 доллардан төмендеп, 2016 жылы ОПЭК елдері мен тағы 13 мемлекет мұнай өндіруді азайтуға уағдаласқан болатын.