Мұнай бағасы 100 долларға жетуі мүмкін

688

Bank of America болжамында биыл Brent бағасы 68 доллар шамасында болады деп жазылған. 

Мұнай бағасы 100 долларға жетуі мүмкін Фото: reuters.com

Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 2022 жылға қарай 100 долларға дейін өсуі мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bank of America жариялаған болжамға сілтеме жасап. 

Банктің есебінше, шикізаттың қымбаттауына сұраныс пен ұсыныс себеп болады. Локдауннан кейін отынға деген сұраныс, жеке автокөлік тасымалдарының артуы, автокөліктен жұмыс істеу форматында жұмыс істеу режиміне ауысу сияқты факторлар мұнай динамикасына айтарлықтай әсер етпек. Сонымен қатар Париж климаттық келісімінің талаптарын орындау үшін компаниялардың шығынды арттыруы да бағаның өсуіне ықпал етуі мүмкін. 

Bank of America болжамында 2021 жылы Brent бағасы 68 доллар (бұрын 60 доллар болған еді), ал 2022 жылы шамамен 75 доллар болады деп жазылған. 2023 жылы сарапшылар 65 долларға дейін қайтадан түсуі мүмкін деп топшылап отыр.  

Ал Иранға қарсы санкциялар тоқтатылып, салдарынан ұсыныс күрт көбейсе, бұл фактор нарыққа кері әсерін тигізуі мүмкін. АҚШ өндірісті арттырса, шикізат бағасының төмендеуі ықтимал.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу