Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кеше мұнайдың бір баррелі 34 доллардан сатылғанын, бұл жыл басымен салыстырғанда 2 есе арзан екенін айтты.
"Мұнайдың бір баррелі 31 долларға дейін төмендеді. Металдардың да бағасы арзандады. Мысалы мырыш - 16%-ға, мыс - 12%-ға, темір кені - 4%-ға, ал ферроқорытпа бағасы - 1,2%-ға түсті", – деді Руслан Дәленов.
Министрдің мәлімдеуінше, әлемдік капитал нарығы қайта-қайта құбылып тұр.
"Жыл басынан бері америкалық биржа индекстері 14%-ға, еуропалық индекстер 15%-ға дейін және қытай индекстері 13 %-ға төмендеді", – деді Руслан Дәленов.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу