Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың желтоқсандағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:03-тегі бағасы 10 центке (0,17%) жоғарылап, барреліне 59,40 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері (NYMEX) 2 центке (0,4%) арзандап, барреліне 52,62 долларды құрады.
Бейсенбі күні Brent 89 центке дейін көтеріліп, 2015 жылдың маусымынан бері алғаш рет 59,30 долларға жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу