Мұнай бағасы 3,5%-ға өсім көрсетті

518

Сарапшылар қара алтынның баррелі 80 долларға дейін көтеріледі деп болжам жасады. 

Мұнай бағасы 3,5%-ға өсім көрсетті

Бүгін мұнай бағасы күрт өсе бастады. Жыл соңында баға 66 доллар болған еді.  Қазір көрсеткіш  – 68 доллар, 70 цент.  Бұл өткен жылдың сәуірінен кейінгі ең жоғары көрсеткіш. WTI – 63 доллардан асады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Сарапшылар қара алтынның баррелі 80 долларға дейін көтеріледі деп болжам жасады. Егер баға шарықтайтын болса, америкалықтар үшін газ бен мұнай өнімдерінің бағасын осы қалпы ұстап тұру қиындай түседі. Тиісінше, өндіріс қарқынын арттыру да оңай болмайды.

Баға өсіміне Иран генералының өлімі себеп болған.

 Американың қор нарығында да айтарлықтай өзгеріс байқалды. S & P 500, Nasdaq Composite және  Dow Jones өндірістік индексі 0,7 пайызға дейін түсіп кетті. 10 жылдық қазыналық облигациялардың кірісі де 7 базалық пунктке дейін төмендеді. Сондай-ақ, бүгін Американың бірқатар әуе компаниясының акциялары арзандады. Енді олар жолақысын қымбаттатуы мүмкін. Қазір инвесторлар қауіпсіз активтерді сатып алуда. Сол себепті алтын бағасы да 2,3 пайызға өсім көрсетті.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу