Мұнай бағасы 3 айдағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Бұған Сауд Арабиясының күніне өндірілетін мұнай көлемін 400 000 баррельге қысқартатынын туралы мәлімдеуі себеп болып отыр.
Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қаңтарындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 19 центке арзандап, баррелі 64,20 доллар болды.
Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қаңтардағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 05%-ға төмендеп, барреліне 58,90 долларды құрады.
"ОПЕК+ шешімі шикізат бағасының арзандауына әкеліп соғуы мүмкін. Қазір мұнай нарығы басты назарды АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына аударуы тиіс", – дейді Vanda Insights сарапшысы Вандана Хари.
Табиғат Нұрболат