Мұнай бағасы 55 доллардан асты

721

Мұнай бағасы 55 доллардан асты

Мұнай бағасы барреліне 55,8 долларға жоғарылап, 0,7%-ға қымбаттады. Өзара келісімге қол қойған елдер қара алтын өндірісін қаңтар айынан бастап қысқартатындықтарын мәлімдеуіне байланысты баға да жоғарылап отыр дейді ANZ банкінің сарапшылары. Бұл туралы 7kun.kz жазып отыр.

Инвесторлар қазір сол келісімдердің орындалуын күтіп отыр. Дегенмен Goldman Sachs мамандары қаңтардың ортасына немесе соңына дейін өндіріс бірден азаяды деп күтудің қажеті жоқ деген пікірде.

Ал ANZ қара алтын бағасына қатысты болжамын арттырып, келесі жылдың екінші жартысында Brent маркалы мұнайдың құны 51,5 доллар емес 58 долларға дейін жетеді деп мәлімдейді.

Бұл уақытта Америкадағы сланцты компаниялардың белсенділігі де артып отыр. Бұрғылы қондырмалардың саны бір апта ішінде 12-ге дейін артты. Жазда тәулігіне 8,5 млн баррель өндірілсе, желтоқсанда 8,8 млн баррельге дейін артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу