Мұнай бағасы 76,33 долларға дейін төмендеді

700

COVID-19 індеті – қазір нарықтың алаңдатып отырған негізгі мәселелердің бірі. 14 шілдеде мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Investing.com сайтына сілтеме жасап. 

Мұнай бағасы 76,33 долларға дейін төмендеді

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,21%-ға төмендеп, 76,33 доллар болды. WTI фьючерстері 1,6%-ға арзандап, бір баррелі 75,25 долларға саудаланып жатыр. 

COVID-19 індеті – қазір нарықтың алаңдатып отырған негізгі мәселелердің бірі. Трейдерлер дельта штамының тез таралуы әлемнің бірқатар аймағында карантиндік шектеулердің енгізілуіне әкелуі мүмкін, артынан мұнайға деген сұраныс қысқарады деген пікірде. 

Америкалық мұнай институтының мәліметі бойынша, өткен аптада АҚШ-тағы шикізат қоры 4,08 миллион баррельге төмендеген. Бұған дейін Trading Economics 4,33 млн баррельге қысқарады деп хабарлаған еді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу