Мұнай бағасы 90 доллардан төмендеді

354

Лондондық ICE биржасында Brent мұнайына желтоқсан фьючерстерінің құны 0,27 пайызға төмендеді.

Мұнай бағасы 90 доллардан төмендеді Фото: inbusiness.kz

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Лондондық ICE биржасында Brent мұнайына желтоқсан фьючерстерінің құны 0,27 пайызға төмендеп, барреліне 89,58 долларға дейін төмендеді. Бұған Астана уақыты бойынша 14:38 жағдайдағы сауда-саттық деректері дәлел.

WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 0,35 пайызға төмендеп, барреліне 85,19 доллар болды.

Айта кетейік, 20 қазанда Brent мұнайының бағасы барреліне 93 доллардан асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу