Мұнай бағасы айтарлықтай өсті

866

Мұнай бағасы айтарлықтай өсті

Соңғы көрсеткіштер бойынша, мұнай бағасы 2% пайызға өскен. Ресей және Сауд Арабиясының өкілдері осы өсімді негізге алып, мұнай шығару қарқынын төмендетуге байланысты келісімшарттың мерзімін ұзартуды ұсынды.

Екі елдің энергетика министрлері Халид аль-Фалих мен Александр Новак келер жылдың наурыз айына дейін глобальдік мұнай пактын ұзартудың тиімді тұстарын айтты.

Олардың пікірінше, келісімшарт уақытын ұзарту ең алдымен мұнайдың әлемдік шикізат қорын сақтау мен қара алтын  бағасын тұрақтандыруға оң ықпалын тигізеді. Келісімшартты мерзімін  ұзарту туралы түбегейлі шешім ОПЕК елдерінің отырысында қабылданады.

Астана уақытымен 16:30-да Brent маркалы мұнайы барреліне $52,20 дейін, WTI сортының бағасы $49,18 дейін өсімді құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу