Мұнай бағасы әлі де өседі – Әлия Молдабекова

1019

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қаржы нарығы жуықта қандай сценариймен өрбиді деген сауалға жауап берді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Мұнай бағасы әлі де өседі – Әлия Молдабекова

"Ресей мұнай (11%), газ (17%) және бағалы металдар (11%) бойынша ірі өндіруші екенін ескерсек, шикізат тауарлары нарығында баға тұрақты өседі. Санкция мен шектеулер осындай жорамал жасауға ықпал етеді. Сондықтан сәуірдің басында мұнай бағасы ҚХР-дағы локдаун мен АҚШ-тың стратегиялық қорлардан алты айда 180 млн баррельге дейін мұнай босату туралы шешімі аясында баррелі 100 долларға дейін төмендегеніне қарамастан, сарапшылар мұнай ұсынысының құрылымдық тапшылығы сақталып, мұнай бағасының өсуі жалғасады деп санайды", – дейді Молдабекова.

Ол әлі де жағдай құбылмалы екенін айта келе, ұлттық банк оқиғаларды және олардың Қазақстанға ықпалын онлайн режимде бағалауды жалғастыратынын, Қазақстанның қаржы нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін шаралар қабылдауға дайын екенін айтады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу