Бүгін Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда-саттықта мұнайдың бағасы төмендеп, баррелі 50 долларға түсті.
Brent маркасының шілделік фьючерсінің бір баррелі 50 доллар 70 центке төмендесе, WTI (Дабл-Ю-Ти-Ай) мұнайы 0,25 пайызға арзандап, 47 доллар 70 центке жеткен. Ал қара алтын құнының құбылуына АҚШ Энергетика министрлігінің елдегі мұнай қоры жөніндегі мәліметі себеп болған.
Құзыретті органның хабарлауынша, оның көлемі 900 мың баррельге азайған. Бір апта бұрынғы жағдай қайталанып, нарыққа қатысушылар елдегі мұнай өндірісінің деңгейі мен жанармай қорына көп көңіл аударған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу