Шикізат құнының төмендеуіне америкалық мұнай қорының көбеюі себеп. Нақтырақ айтқанда, 1,41 млн баррельге өскен.
Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың ақпанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,7% арзандап, 63,91 доллар болды.
Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қаңтардағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,6%-ға арзандап, барреліне 58,87 долларды болды.
"АҚШ-тағы мұнай қорының көбеюімен қатар айта кететін тағы бір жайт бар. Вашингтонның қытайлық тауарларға салған салығының мерзімі, яғни 15 желтоқсан жақындап келеді.Тараптар ортақ келісімге келмесе, нарықтағы құбылмалылық сақталады", – дейді AxiTrader Ltd. сарапшысы Стивен Иннес.
Табиғат Нұрболат