Мұнай бағасы арзандап барады

720

Оған АҚШ-тағы наразылық шеруінің өршіп кетуі және Қытай мен арадағы қатынастың нашарлауы да кері әсер еткен. 

Мұнай бағасы арзандап барады

Өткен аптада біраз өсім көрсеткен мұнай бағасы тағы да түсіп кетті. Оған АҚШ-тағы наразылық шеруінің өршіп кетуі және Қытай мен арадағы қатынастың нашарлауы да кері әсер еткен. Осыдан кейін ОПЕК мұнай өндірісін күзге дейін шектеудің амалына кірісті. Картел жиыны 4 маусымда болады. Қазіргі келісімге сәйкес, өндірісті шектеу 1 шілдеден басталуға тиіс еді. Кіріс пен шығыс арасында тұрақсыздық болған соң, Нью-Йорк қор биржасында фьючерс шамамен 1 пайызға түсті. Мамыр айында даблютиайдың бағасы 88 пайызға өскен еді. Дегенмен, көрсеткіш жыл басындағымен салыстырғанда әлі төмен.  Сондықтан да Батыс Техастағы өндіріс 0,7 пайызға азайды. Бұл 11 жыл бұрынғы ең төменгі көрсеткіш. Қазір Даблютиайдың баррелі 35 доллар 34 цент. Брент маркалы өнімнің тамыз айындағы фьючерсі - 37,67 доллар. АҚШ-тың он қаласында болған наразылық шеруі қаржы нарығының берекесін кетірді. Карантиннен енді шыққан елдің бірқатар қаласында коменданттық сағат жарияланды. Салдарынан Американың және Еуропаның негізгі қор индекстері тағы да түсіп кетті. Бұл да өз кезегінде мұнай бағасының арзандай түсуіне  алып келетіні анық.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу