Мұнай бағасы арзандауда

Brent маркалы "қара алтын" барреліне 84,8 долларға бағалануда. 

Мұнай бағасы арзандауда

15 ақпан эталондық мұнай бағасы төмендеді. Бұған АҚШ-тың стратегиялық қорындағы мұнайды сату туралы ақпарат ықпал етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің құны барреліне 84,8 долларды құрайды, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан 0,78 доллар (0,91%) төмен. 14 ақпандағы сауданың нәтижесінде бұл келісімшарттар бір баррель үшін 1,03 долларға (1,2%) төмендеп, 85,58 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада наурыз айындағы WTI мұнайы фьючерстерінің бағасы барреліне 78,31долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның қорытынды құнынан 0,75 доллар (0,95%) төмен.

Еске сала кетсек, дүйсенбіде АҚШ Энергетика министрлігі стратегиялық резервтегі (SPR) биыл нарыққа 26 миллион баррель мұнай сатуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Сату 1 сәуір мен 30 маусым аралығында жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу