Лондондағы ICE Futures биржасында 2017 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен жұма күнгі 8:00-дегі бағасы 0,77% өсіп, барреліне 52,44 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері (NYMEX) $0,33 (0,70%) көтеріліп, барреліне 47,76 долларды құрады.
Инвесторлар АҚШ жағалауына жақындап келе жатқан Харви дауылынан қауіптеніп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу