Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы барреліне 61 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астана уақыты бойынша сағат 05:55-тегі жағдай бойынша мұнай бағасы барреліне 60,34 долларға дейін түсті. Brent маркалы мұнай 2021 жылдың наурызынан бері алғаш рет барреліне осындай төмен көрсеткішке жетіп отыр.
Citi Research сарапшылары Brent маркалы мұнай бағасына алдағы 3 айға арналған болжам жасап, бір барреліне 60 долларға дейін төмендейтінін айтты.
Goldman Sachs болжауынша, Brent маркалы мұнай 2025 жылдың желтоқсанында барреліне 58 доллардан, келесі жылдың соңына қарай барреліне 55 доллардан саудаланады.