Мұнай бағасы барреліне 70 доллардан төмен түсуі екіталай – экономист

202

Жыл соңына дейін қара алтынның бағасы $70-90 шамасында болады деп болжанады.

Мұнай бағасы барреліне 70 доллардан төмен түсуі екіталай – экономист Фото: canva.com

Мұнай бағасы 2024 жылдың соңына дейін Brent маркасының барреліне 70 доллардан төмен түсуі екіталай. Бұл туралы BitRiver коммуникациялар жөніндегі директоры, экономист Андрей Лобода айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол мұнайдың бағасы 2024 жылдың соңына дейін Brent-тің барреліне 70-90 доллар аралығында болуы мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, батыс елдерінде мұнайға сұраныс жоғары құнға байланысты төмендейді, ал Азияда әлі де жоғары, сондықтан бағаның қатты төмендеуін күтуге болмайды.

Лободаның айтуынша, ОПЕК+ ұйымының 2024 жылдың қазан айынан бастап мұнай өндіруді ұлғайтуға ниетті екендігі туралы мәлімдемесіне байланысты жанармай бағасы төмендейді. Сондықтан нарық профициттен қорқады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу