Мұнай бағасы барреліне 85 доллардан асты

515

Мамандар айтуынша мұндай өзгеріс ҚХР-дағы ковидке қарсы наразылықтардан кейін карантиндік шаралардың жеңілдетуіне байланысты.  

Мұнай бағасы барреліне 85 доллардан асты

Сейсенбіде Brent маркалы мұнай халықаралық биржаларда барреліне 85,36 доллар деңгейінде бағаланды, деп жазады Inbusiness.kz AA сайтына сілтеме жасап. 

Дүйсенбідегі соңғы сауда-саттықта мұнайдың құны 84,10 долларға жетті, бірақ күнді 83,39 долларға бағаланып аяқтады.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 78,36 долларды құрады.

Бір күн бұрын Brent маркалы мұнайдың баррелінің бағасы жаңа типтегі коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы аясында қытай билігінің "нөлдік төзімділік" саясатына наразылық білдірген кезде соңғы 11 айдың ең төменгі деңгейіне жетті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу