Мұнай бағасы бүгін де түсті

2940

Вrent баррелі – $27,01.

Мұнай бағасы бүгін де түсті

Бүгін мұнайдың бағасы тағы түсіп кетті. Осы жолы Нью-Йорк тауар биржасында даблютиай фьючерсі 17 пайызға дейін құлдырап, 8 жыл бұрынғы деңгейге дейін төмендеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір WTI-дың баррелі 23 доллар 80 центке саудаланып жатыр. Кеше ол 27,22 долларға сатылған еді.

Brent маркалы өнімнің мамыр айындағы фьючерсі – 27,01. Баға кешегі көрсеткішпен салыстырғанда 2 доллар 20 центке арзандаған.  

Қара алтынның осынша құнсыздануына нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың сай келмеуі әсер етуде.  Мұндай жағдай соңғы 2008 жылдың желтоқсанынан бері  болған емес.

Ресей валюталық ережесіне сәйкес, егер Urals мұнайының баррелі 25 доллардан төмен түскен жағдайда, 30 қыркүйекке дейін қосымша валюта сататын болады. Осы елдің Орталық банкі бүгіннен бастап, ішкі нарықта валюта сатуға рұқсат берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу