Лондондық ICE Futures биржасында жұма күні Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны барреліне 80,27 долларды құрайды, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан 0,63 доллар (0,79%) жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.
Бейсенбіде бұл келісімшарттар барреліне 0,18 доллар (0,2%) өсіп, 79,64 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық саудасында қыркүйек айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы осы уақытқа дейін 0,62 доллар (0,82%) өсіп, барреліне 76,27 долларды құрады. Бір күн бұрын бұл келісімшарттардың құны барреліне 0,36 долларға (0,5%) өсіп, 75,65 доллар құрады.
"Мұнай нарығы қысқа мерзімді перспективада өте құбылмалы болып қалуы мүмкін, өйткені трейдерлердің назары үнемі сұраныс пен ұсыныс факторлары арасында ауысады", - дейді Exness сарапшысы Ваэль Макарем.