Мұнай бағасы қайта төмендеді

Trading Economics ұсынған консенсус болжамы Америка Құрама Штаттарындағы тұтынушылық бағалар наурыздағыдай өткен айда жылдық мәнде 5%-ға өскенін көрсетеді. 

Мұнай бағасы қайта төмендеді Фото: Огни Алатау

Инфляция динамикасы нарықтар қадағалайтын негізгі көрсеткіш болып табылады, өйткені ол Федералдық резервтің (ФРЖ) ақша-несие саясаты шешімдерінде маңызды рөл атқарады.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны сәрсенбі күні саға 8:10-дағы барреліне 76,87 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан 0,57 долларға (0,74%) төмен.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада маусым айындағы WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы осы уақытқа дейін 0,57 (0,77%) долларға төмендеп, барреліне 73,14 долларды құрады.

Соңғы үш сессияда мұнай бағасы өскен еді. Бұған АҚШ билігі қоймалардағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мұнайдың стратегиялық қорын (SPR) толықтыруды жоспарлап отыр деген ақпараттар себеп болды. Алайда 10 мамыр таңғы саудада баға қайта төмендеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу